Кітапханамыздың балалар бөлімінде мектеп жасындағы оқырмандарға арналған «Ертегілер елінде» жобасы жұмыс жасайды. Мұнда кітапхана қорындағы ертегі кітаптарға арналып көрініс түрінде іс – шаралар өткізіліп және де электронды нұсқада да таныстырылады. Басты мақсатымыз- тәрбие көзін ертегіден алып, бүлдіршіндердің қиялын , ой – өрісін дамыту. Сондай – ақ QR-коды арқылы ертегі кітаптармен танысу мүмкіндігі ұсынылып, балаларды ертегі оқу арқылы сахналық қойылымдар қоюға ынталандырамыз







