Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

#экскурсия

ХХ ғасырдың 60 жылдары Торғай облысында Ауыл шаруашылық саласы бойынша білікті мамандардың тапшылығы көріне бастады. Сапалы кадрлар даярлау мақсатында  1965 жылы «Торғай совхоз  – техникумы» құрылды. Техникумның оқу корпусы 1983 жылға дейін бұрынғы Арқалық ауданы әкімшілігі ғимараты болды. Дәл осы жылдың қазан айынан Родинадағы Мира көшесіндегі ғимаратқа көшіп келді. Техникум ауыл шаруашылық саласы бойынша сапалы мамандар даярлап, бір қатар мәселелерді шешіп, облыстың әлеуметтік-экономика тынысына тың серпіліс әкелді.

Бүгінде осы техникумның 1978 жылы механизатор мамандығы бойынша оқу орнын аяқтаған түлектері орталық кітапхананың құрметті қонақтары болды. Оларға биыл оқу бітіргеніне 45 жыл толып отыр. Бейнеттің зейнет жасына келген техникум түлектері кітапхананың өлкетану  мұражайы және бөлімдермен танысты. Кітапхананың сақтау қорындағы кезінде өздері оқыған техникалық кітаптарды көріп, олардың осы күнге дейін сақталғанына қызығушылық танытты. Кітапхана қызметкері Айтжан Құрымғалиұлы қонақтарға экскурсия жүргізумен қатар, техникум жайлы мәліметтермен бөлісті.

#АрқОКЖ #Техникум #Түлектер #45