Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

Мәриям Хакімжанова (1906–1995) 15 қарашада Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Қобланды селосында туған. Рабфакта оқыды (1931–1932). «Әйел теңдігі» журналында әдеби қызметкер (1929–1932), жауапты хатшы (1932–1934). Орынбор облысы Дамбар ауданында кітапхана меңгерушісі (1935–1937), Қазақстан Жазушылар одағының бөлім меңгерушісі (1939–1944), Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редактор, аға редактор (1945–59) болып жасады.
Тұңғыш өлеңі («Женотделге») 1929 жылы, алғашқы өлеңдер жинағы 1935 жылы жарияланды. 1945 жылы жеке кітап болып шыққан «Мәншүк» атты поэмасы 1947 жылы орыс тіліне аударылып, басылды, поэма бойынша жазылған телесценарийі 1963 жылы теледидар арқылы көрсетілді.
Балаларға арналған «Бөбегім менің – өлеңім менің» атты суретті кітапшаның, «Ана мейірімі» (1961) жинағының және бірнеше ән мәтінінің авторы.
#bizbirgemiz
Instagram-cbs.arkalyk,
Facebook-https://www.facebook.com/phofile.php?id=100049643914109