Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

Құрметті кітап сүйер қауым!

Екі дің 8 -9 ғасырлардан сақталған сәулет өнері ескерткіштері. Қостанай облысы Амангелді ауданы Екідың ауылынан солтүстікке қарай, Қараторғай өзенінің екі жағалауына орналасқан.

Екеуінің ара қашықтығы 4 км. Біріншісі (Дың-1) Екідың ауылынан шығар жол жиегінде, әзеннің сол жағында, ал екіншісі (Дың-2) өзеннің оң жағындағы төбешіктің басына тұрғызылған. Құрылыстардың сыртқы түрі киіз үйге ұқсас. Іргетасынан бастап шеңберлене қаланып, жоғары көтерілген сайын бүрмелеп өрілген. Біріншісінің биіктігі 3,1 м, екіншісінің биіктігі 3,7 м. Есік ойықтары шығысқа қаратылған. Құрылысқа жергілікті табиғи тақтатастар пайдаланылған. Дыңдардың диаметрі 5 м. Екідың сәулет өнерінің озық үлгісі қатарына жатады және Орталық Қазақстандағы ислам дініне дейінгі құрылыс үлгісі ретінде ғылыми құндылығы зор. Ескерткішті 1959 ж. Ә.Марғұлан жетекшілік еткен ғылыми экспедиция зерттеген. Екідың 1982 жылы Қазақстанның республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген.

#bizbirgemiz

Installer-cbs.arkalyk,

Facebook-https://www.facebook.com/phofile.php?id=100049643914109