20 қазан күні Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің оқу залы бөлімі «Тағылым» үйірмесінің мүшелері арасында «Интернеттің пайдасы және зияны» атты дебет ұйымдастырды.
Шара барысында дебат ережесіне сай: оқушылар «Үкімет» және «Опозиция» болып екі топқа бөлінді. Олар тақырыпты өзара талқыға салды. Интернеттің пайдасы мен зияны туралы өзара нақты дәлелдер көрсетті.
Шараға шақырылған көрермен оқушылар екі топтың пікірлеріне толық келісіп, қолдау білдірді.
Шара қортындысы бойынша дебат жоғары денгейде өтті. Оқушылар интернеттің пайдалы және зиянды тұстарын толық түсінді.
#АрқалықОКЖ