Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше, олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады.
Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей теңіз болып келеді. Міне осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін 1 қазан Қарттар күніне орай Родина ауылында қарттар күнін атап өту, оларға құрмет, қолдау көрсету дәстүрлі іс-шаралардың біріне айналды. Ауыл әкімі Нақан Шалдыбайұлы ел басына күн туған, қиын-қыстау күндерде халқына сүйеу, жұртына қамқор болатын қарттарымызды құттықтап салтанатты кешімізді ашып берді. Сонымен қатар қартарымызды ардагерлер ұйымының төрағасы Әбилов Байжан, мектеп директоры Дүйсенов Жармұхан, кітапхана директоры Құсайын Дәмет ауыл қарттарын құттықтап алғыстарын білдірді. «Қариямыз – рухани қазынамыз» деген тақырыпта құттықтау көрме құрылып, мәдени ұйымдастырушы Қайрат Байдилдиннің және мектеп оқушыларының ұйымдастыруымен концертік бағдарламамен жалғасты.
Сонымен қатар салтанаты кешімізге қатыса алмаған қарттарымызға ауылдық әкімшілік аппараты, дәрігерлік амбулаториялық мекемесі, мектеп, Орталық кітапхана ұжымдары арнайы дайындалған пакеттер сыйға тартылды.
«Қарты бар үйдің -қазынасы бар» дейді, -халқымыз. Отбасының тірегі әрі ұйтқысы немерелеріңіздің қорғанышы, балаларыңыздың ақылшысы, асқар таудай ардақты аталарымыз бен аяулы әжелеріміз сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Асқар таудай панамыз болып ортамызда аман-сау жүре беріңіздер.
Марал Мұқанова
Арқалық қаласының ОКЖ кітапханашсы