Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

Орталық кітапханада   Ұлттық домбыра күніне орай  «Қазағымның үні сенсің – домбыра»  тақырыбында  кітап көрмесін ұйымдастырды.  Бұл іс-шараның мақсаты: оқырмандарға қазақтың ұлттық аспабы домбыра туралы мәліметтер беру, оқырмандардың ой-өрісін дамыту, ұлттық аспаптарды ұмытпай ұлықтап, халық арасында ұлтжандылықты насихаттау. Көрмеге  қастерлі  күй өнерін хас өнерімен аспандата білген ерекше тұлға иелері Дина Нүрпейсова, Сүйінбай Аронұлы, Мариям Ахметова, Омархан Керімқұлов, Құрманғазы Сағырбайұлы, Жұмагелді Нәжімеденов сынды ерекше тұлға иелерінің әдебиеттері қойылды. «Дариға, домбырамды берші маған, Жаныма келші жарым, келші балам» -деп Мұқағали Мақатаев айтқандай домбыра қазақтың киесі, қасиеті, қазынасы.

Қ.Дүйсенбаева

Балалар бөлімінің кітапханашысы