Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі Еңбек күніне орай  Еңбек ардагерлері Әбілов Байжан Әмірұлы мен Жақыпбекова Рабиға Шілтенқызымен "Қажырлы еңбек - табыс кілті" атты кездесу кеш өткізді. Мақсаты жастар мен оқушыларға еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын, тек еңбек арқылы барлық жетістікке жетуге болатындығын түсіндіру болды. Шара барысында оқырмандар ардагерлердің еңбек жолымен танысып, ғибратты әңгімелерін тыңдап,  кеш қонақтарымен сұхбат болды. Ауылдық  мәдениет үйінің меңгерушісі М.Абдысалықов кешті музыкалық бағдарламамен көркемдеп, оқушылар қонақтарға өз өнерлерін көрсетті. Шараның қорытынды бөлімінде кітапхана директоры Д.Есенжолқызы сөз сөйлеп, кеш қонақтарына ұжым атынан сый-сияпат табыс етті.