14 қыркүйек күні Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі қаламыздағы Психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектерге жартылай стационар жағдайында күндізгі болу бөлімшесінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап «Құпия, сырлы өлке – Арқалық» атты блиц-турнир өткізді.
Шараға бөлімнің емделушілері белсене ат салысты. Тақырыпқа сая турнир қаламызға арналып, балалардың өңіріміз туралы түсініктерін кеңейтуге ықпал жасалды. Атап айтсақ: сөзжұмбақтар құрастыру, актты ойындары, қаланың көрнекті жерлерін суретте құрастыру ойындары, көңілді билер ойыны кезең-кезеңімен ұйымдастырылды. Турнирге белсене қатысқан балаларға шара соңында сыйлақтар табысталды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Игі істер морофоны» аясында кітапханадағы «Сыйлыққа кітап» акциясы шеңберінде кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге арнайы шолу жасалды. Көрмедегі бірегей басылымдар ұсынған 50-ге жуық кітаптар бөлім емделушілеріне сыйға тартылды. Шара «Инклюзивті қоғам әлеуметтік теңдіктің жаңа коды» аясында ұйымдастырылды.
#ИнклюзивтіМәдениет #БізБіргеміз #АрқалықОКЖ