Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

Арқалық қаласында асылдың сынығы, көненің көзін көрген, он саусағынан өнер тамған, елге оюшы, тарихшы, жазушы Әлемдік Шыңғысхан академиясының «Құрметті академигі» болып танылған Шөптібай Байділдинге арналған «Ұлттық өнерді ұлықтаған» деген тақырыпт библиографиялық көрсеткіш құрастырып, оқырман назарына ұсынғалы отырмыз, Халқымыздың төл нақышы ою-өрнек өнерін жаңғыртуға, дамытуға, ілгері жылжытуға, насихаттауға, дәріптеуге бірталай тер төкті.

Ол ою-өрнектің 1500-дей жаңа түрлерін жасаған.Ою-өрнектері 1992 жылы Түркияда, 1996 жылы Америкада өткен Атланта олимпиадасында қойылған. «Мәдени мұра», «Мәдениет», «Жұрағат», «Арай», «Алға» журналдарында бірқатар республикалық газеттерде жарық көрген. Астанада тұңғыш Президент мұражайында, Астана мектептерінде, Алматы қаласында және Қостанай, Арқалық қалаларында жеке көрмелері өткен. «Қазақтың ою-өрнектері», «Оюмен ой айтқан елміз», «Санаулы ғұмырымдағы саналы ойларым» (екі томдық жинақ), «Ою-өрнекті пайдалану мен жасалу әдістері», «Кейкі батыр» және тағы сол сияқты кітаптары өз оқырмандарын тауып, көне дәстүріміз турасында, тарих бетіндегі ақтаңдақтардың ақиқаты жайында көптеген мәліметтерді жарыққа шығарды. Репрессия құрбаны Әлшорин Шіменбайдың қуғын-сүргінде жазған еңбектерін, өлең шумақтарын қалың жұртшылыққа жеткізді. «Жазықсыз жапа шеккен» деген атпен арнайы зерттеу нәтижесінде жарыққа шыққан кітабын оқырман назарына ұсынды. Сатыбалды ишан, Файзолла ишан, Назаралы, Құлымбет, Күмісбай, Баймағамбет әулиелер, Торғай көтерілісінің басшысы болып, халықты бастаған Әбдіғапар хан Жанбосынұлы, құралайды көзге атқан мерген, аты аңызға айналған Кейкі, Аманкелді батырлар сияқты тұлғалар жайында, тіпті Ұлы дала елінің соңғы ханы, азаттық үшін арпалыстың символына айналған хан Кене туралы тың деректер Ш. Байділдиннің зерттеуімен, жан-жақты мәліметтерді зерделеуімен қазіргі таңда тарихымызды жаңа қырынан көрсетті. Өзіндік ерекшілігімен көз тамсандаратын торғай қазақтарының ою- өрнектерін насихаттап, оны әлемдік өнер туындысына айналдырып жүрген өлкетанушы, өнер зерттеушісі, қолөнер шебері Шөптібай Байділдиннің игілікті ісі ұрпақтан ұрпаққа жалғаса бермек. Көрсеткіште қолөнер шеберінің өмірі мен еңбектерінің және ол туралы жазылған әдебиеттер енгізілді. Сонымен қатар Арқалық қаласындағы орталықтандырылған кітапханадағы өлкетану бөлмесіндегі Ш. Байдилдинің ою өрнектеріне, қолтаңбасымен сыйға тартқан кітаптарынан фотосуреттері қойылды. Көрсеткіш қолөнер шеберлеріне, кітапханашыларға, мәдениет қызметкерлеріне, ұлттық өнерді қастерлейтін көпшілік оқырман қауымға арналды.

#bizbirgemiz

Installer-cbs.arkalyk,

Facebook- https://www.facebook.com/phofile.php?id=100049643914109