Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

Елдегі сол кездегі саясат ауылдық атқа мінген, көзі ашық азаматтардың көзін жою болса, сол қармаққа іліккен оқыған, көкірегі ояу осы күнге дейін аттары аталмай қалғандары қаншама. Осындай жазықсыз жазаға ұшыраған Торғайдағы зиялы азаматтың бірі Ақтас Тұрғынбайұлы болды.
Ақтас Тұрғынбайұлы 1899 жылы Аралбай ауылында дүниеге келген. Ауыл мектебінен оқыған көзі ашық, ізденістері мол жігіт кеңестік ұйымдастыру жұмыстарына белсене араласады. Әр жылдары ауылдық кеңес төрағасы, мәдениет бөлімінің басшысы, Қызыл отау жетекшісі болып қызмет атқарған. 1933 жылдан бастап қудалауға ұшырап, Торғай түрмесіне жабылады, кейін Ырғыз, Шалқар арқылы Ақтөбеге айдалады.
Ақтас Тұрғынбайұлы ақыры 1937 жылы «халық жауы» атанып ұсталып атылып кетеді.
#bizbirgemiz
Instagram-cbs.arkalyk,
Facebook-https://www.facebook.com/phofile.php?id=100049643914109