Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

Халықаралық әкелер күнін әлемнің 52 елі мусымның үшінші жексенбісінде атап өтеді. Жалпы әкелер күні ХХ ғасырдың басынан бері аталып келе жатыр. Бұл күні отбасылық кештер әке мен балаға арналады, сонымен бірге ұрпақтың құрметі ретінде жасы үлкен ер адамдарға құрмет көрсетіліп, еске алу кештері ұйымдастырылады.
Алғаш рет Әке күні 1910 жылы 19 мусымда АҚШ –та өткізілді. 2010 жылы бұл мерекеге 100 жыл толды. Қазіргі таңда бұл мереке әлемнің 52 елінде аталып өтеді. Бұл өмірде «Әке» деген осынау үш әріптен құралған сөзде қаншама айдынды да асқақ, салмақты да жігерлі, қайратты да мәртебелі мағына жатыр. Отбасында әкенің орны бөлек. Әке – сол шаңырақтың бар ауыртпалығын көтеретін, асырап-бағуға да, жақсы тәлім – тәрбие беруге де міндетті адам. Әке - бала үшін асқар тау. Әке қамқорлығы дегеніміз – отбасы мүшелерін әртүрлі пәле-жаладан қорғап отыратын қасиетті ұғым. Әке- ұрпақтың панасы, үйдің басшыс, әрі тәрбиешісі. Ол тек бір отбасының ғана емес, ауылдың, рудың қамқоршысы, ел ағасы. «Әкеге бағыну – Аллаға бағыну» депті Мұхаммед пайғамбарымыз.
#bizbirgemiz
Instagram-cbs.arkalyk,
Facebook-https://www.facebook.com/phofile.php?id=100049643914109