Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

«Кел, балалар оқылық,

Оқығанды көңілге.

Ықыласпен тоқылық»- деп Ыбырай Алтынсарин атамыз айтқандай жазғы демалыс уақытында оқырмандардың кітапқа деген қызығушылықтарын арттырып, балаларға арналған әдебиеттерді жарнамалау мақсатында 1 – 30 маусым аралығында балалар бөлімі  «Кел, балалар оқылық» атты жазғы акциясын ұйымдастырды.

Балаларға арналған ойын-сауық алаңында болғандықтан акцияға Родина ауылының көптеген балалары ат салысты. Көрмеде балаларға арналған көптеген фейерверг кітаптары, қызықты ертегілер , балалар бөліміндегі ең қызықты деген кітаптары қойылды. Акцияға келген балалар өздері ұнатқан кітапты алып  ашық алаңда отырып оқыды.  Сонымен қатар, осы ойын аланыңда оқыған кітаптары жайында зияткерлік сайыстар өткізіліп, лотериялық сұрақтарға жауап берілді. Акция арқасында балалар бөлімінің оқырмандар саны екі есеге көбейе түсті.   Кітапханада осындай  іс –шаралар  жаз бойы  түрлі тақырыпта өз жалғасын  таппақ.

Қ. Дүйсенбаева

Балалар бөлімінің кітапханашысы