Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана деп көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, сарабдал саясаткер, адам жанының шындығын танудың алуан түрлі тәсілін шеберлікпен игерген  Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаев айтқандай кітап рухани қазынамыз. Осы рухани байлықты насихаттау барысында 2020 жылдың мерейтой иелері жергілікті ақын жазушылардың шығармаларын насихаттау  Родина ауылында  орналасқан «Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүиесі» ММ Орталық кітапханасында жалғасын табуда.

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, күні бүгінге дейін 25 том көлеміндегі көркем шығармалары жарық көрен жазушы жерлесіміз, М Шолохов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты, Ресей педогогика және әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, көрнекті суреткер, Сәбит Айтмұхамбетұлы Досановтың 80 жылдық  мерейтойына орай  білім орталығында  «Кемел ойдың күмбезі» атты арнау кеші өтті.

Тас бұлақтың қайнарындай тұп-тұнық

Талантыңды талай елге ұқтырып.

Тұрсың биік, туың міне желбіреп

Тұлғаң толы –ірілік пен мықтылық. – деп журналист   Хамитбек Мұсабаев ағамыз жырға қосқан Сәбит Досанов 1940 жылы 12 қаңткар айында Аманкелді ауданы, Байғабыл ауылында дүниеге келген. Аудан орталығындағы Амангелді Иманов атындағы қазақ орта мектебін тамамдағаннан кейін С. М Киров атындағы Қазақ мемлекеттік унивирсететінің журналистика  факультетіне оқуға түседі. Мектепте оқып жүрген кезден бастап өлеңдер, қысқа мақалалар жазып, ақындық, жазушылық қабілетімен көзге түседі. Ал университетте оқыған  кездері республикалық басылымдарға очерк, публицистикалық мақалалар жазады. 1958 жылы «Шабындықта» атты тырнақалды шағын әнгімесі екінші сыныптың «Ана тілі» оқулығында, бірқатар әңгімелері «Пионер» журналында басылады.

Сәбит Досанов прозасындағы шырғалаң тағдырлар жазушының өз өмірінде көзімен көрген, көңіліне түйген түйінді ойлары мен сол ой таразысынан өткізіп, өзін толғантқан, толғандырған мәселелер төңірегіндегі топшылауы мен айтпақ ой- пікірін қарымды қаламгер романдары арқылы оқырманға жеткізеді.  Жалпы Сәбит Досанов - қарапайым ауыл адамдарының бар болмысын аса сезімталдықпен орынды аша білген психолог жазушы.

Кеш барысында Сәбит Досановтың өмірі, еңбек жолдары, жеткен жетістіктері туралы мағлұмат беріліп, шығармашылығымен таныстырылды, қасиетті  Торғай топырағының  шыққан қазақ еліне белгілі ақын жазушылыр; Сырбай Мәуленовтің  «Сүйсініп шабысыңа қарадым мен», Ғафу Қайырбековтің «Талант пен еңбегіңнен таптың бақыт», Серік Тұрғынбекұлының «Шарламаған жер қалмады шетелден», Нағашбай Мұқатовтың  «Жазбай қалған жалғанда жанры жоқ»  атты арнау өлеңдерін кітапхана оқырманы Шөменов Елдос пен кітапханашылар Дүйсенбаева Қырмызы мен Алимгазина Айгүл  мәнерлеп оқып жырдан шашу шашып оқырмандардың ризашылығына бөленді.

Сөзімді қортындылай келе туған жердің топырағынан нәр алған,  тума таланттыларымызды қадірлейік ағайын. Жерлес ақын жазушылардың шығармаларымен, Сәбит Досановтың шығармаларымен танысып, оқып рухани қазынамызды кеңейтейік.

Мурзыгалиева Жанагүл С.

Оқу залы бөлімінің кітапханашысы