Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

2021 жылдың 15 қыркүйек күні Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі қалаға белгілі азамат, ұлағатты ұстаз Оташев Болатбек Сабыржанұлының «Әкенің жарқын жолымен» атты жаңа кітабының салтанатты тұсаукесерін ұйымдастырды.

Болатбек Сабыржанұлының кітабы мазмұны жағынан тәрбиелік мәнеге ие. Әке жолын мұрат еткен автор өмір жолын және қызметтік кезеңдерін кітапта толық аша білген. Онымен қоса автордың ұстаздары, замандас-әріптестерінің жылы лебіздері кітаптың маңызды бөлімін құрайды.

Шара барасында кітаптың салтанатты тұсаукесерін, зейнеткер ұстаз Мырзабек Қаненұлы мен қала әкімінің орынбасары Түбекбай Ғапсалықұлы керме қию рәсімін орындады. Көпшілік назарына автор туралы мазмұнды бейнероликтер көрсетіліп, кешке арнайы шақырылған құрметті қонақтар авторды төл туындысымен құттықтап, ізгі ниеттерін білдірді.