Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі 31 мамыр саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Халық жадындағы қасірет» атты патриоттық сағатты Ә. Бөкейхан атындағы Родина жалпы білім беретін мектебінде өткізді.
Патриоттық сағат «Тарихтың шерлі ақиқаты» және «Құрбандар есімі мәңгілік» деген атауында екі бөлімнен тұрды. Алғашқы бөлім 1929 - 1931 жылдардағы Қазақ халқының басына түскен ашаршылық және қасіретті қанқұйлы жылдардың оқиғасын, құрбан болған мыңдаған жазықсыз жандардың рухына арналса ал, «Құрбандар есімі мәңгілік» атты екінші бөлім қуғын-сүрген құрбандары болған Алаш зиялылрының соның ішінде өлкемізден шыққан ақын-жазушыларымыз Ахмет Байтұрсынов, Мыржақып Дулатов, Файзолла Сатыбалдыұлы сыңды ұлы тұлғаларымыздың еңбек жолдары мен шығармаларына тоқталып, кітапханамыздың тұрақты жас оқырмандары «Көкірегі алтын көмбе Файзолла ақын» атты өлеңдерін оқып, өз ойларын ортаға салды және қуғын – сүргін құрбандары жайында «Дәуір және тағдыр құрбандары» атты слайд - шоу, «Қасіретті жылдар» атты ашаршылық жылдардағы оқиғалар туралы бейне - баян оқырмандар назарларына қойылды. Сондай - ақ оқу залы бөлімінің жасақтаған «Тарих шыңдығы: тағдырлар мен оқиғалар» атты кітап көрмесіне шолу жұмыстарын жүргізді.