Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

26 – 30 наурыз аралығында Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»ММ балалар бөлімінің ұйымдастыруымен «Кітап – ғажайып әлем» атты Халықаралық балалар кітабының апталығы болып өтті. Кітап - адам баласының ақыл – ойынан туған байлықты сақтап, оны ұрпақтан – ұрпаққа жеткізіп отыратын, білім және тәрбие беретін құрал. Кітап - біздің ақылшымыз, сырласымыз, досымыз. Бұл апталықтың мақсаты көктем демалысы кезіндегі мектеп оқушыларын кітапханаға тарту, балаларға ерте заманнан бастап кітаптың шығу тарихын, кітапты қалай құрметтеу керек, кітап кітапханада тек сақталмайтынын айтып кітапқа    деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында  26 наурыз күні  «Кел балалар оқылық»  тақырыбында апталықтың ашылуымен басталып, оны 3 сынып оқушысы Ибраева Дамира мн балалар бөлімінің кітапханашысы Қ Дүйсенбаева жүргізді. 27 - 30наурыз   аралығында «Құстар біздің досымыз»  атты суреттер байқауы, 28 наурыз «Елдің алып тұлғкасы» тақырыбында балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың 95 жылдығына арналған  әдеби кеш, 29 наурыз күні «Ертегілер елінде қонақтамыз» атты тақырыбында ертегі кейіпкерлері балларға экскурсия жүргізіп, викториналық сұрақтар, мақал – мәтелдер мен жұмбақтар жасырып қызықты  ойындар ойнатылды, Апталыққа Дихан Жұлдыз, Қасымхан Ернұр, Дүйсенбаев Санжар, Есімхан Айкөркем, Ибраева Динара сынды Родина орта мектебінің оқушылары қатысты. 30 наурыз күні Родина ауылының спорт әдіскері  Оразбай Наурыздың ұйымдастыруымен «Дені саудың – жаны сау»  тақырыбында спорттық   ойындардан жарыс болып, апталыққа қатысқан балалар алғыс хатымен марапатталып, қорытынды жасалынды.

 

Қ Дүйсенбаева 

Балалар бөлімінің ктапханашысы