Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

2 - сәуір Халықаралық балалар кітабы күні қарсаңында «Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ «Бір ел – бір кітап» Республикалық акция аясында қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі 2024 жылы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетін Бердібек Соқпақбаевтың 100жылдығына арналып отыр.
 1 сәуір күні «Кітап өлшеусіз қазына» атты апталықтың ашылуымен басталып іс - шараға Ә.Бөкейхан орта мектебінің оқушылары, кітапханамыздың оқырмандары келіп қатысты. Іс шараны кітапханамыздың кітапханашылары «Құпия кітап» әнімен бастады. 3б сынып оқушылары Жұмағалиев Арсен, Серғали Асыл - Ұлан «Кел балалар, оқылық» әнімен жалғастырса, 4 а сынып оқушылары Қалдыбек Жансая, Ажар үнді биі мен қазақша билерімен мың бұралып биледі. «Болашағы біз елдің» әнімен кітапханамыздың оқырмандарымыз апталықтың бірінші күнін жақсы , көтеріңкі көңіл күймен өткізді . Балалар апталығы «Қазақ әдебиетінің тарланы» тақырыбында әдеби кеш, «Менің атым – Қожа» атты оқырман конференциясы «Балалық шаққа саяхат» атты зияткерлік сайыс, кітап көрмесіне шолу, экскурсиямен жалғасады. Кітапханамыздың оқырмандарын іс - шараға атсалысып, кітап оқуға , жазушының шығармаларын оқып білуге шақырамыз.