Бүкіл әлемде 1-ші маусым Балаларды қорғау күні ретінде аталып өтіледі. Сондықтан да ол халықаралық мейрамдардың бірі саналады. Оны өткізу жөнінде шешім 1949 жылдың Караша айында Парижде Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданды. Алғашқы Халықаралық балаларды қорғау күні 1950 жылы өткізілген. БҰҰ аталған бастаманы дер кезінде қолдап, балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғауды өз қызметінің басты бағыттарының біріне айналдырды.
Балаларды қорғау күнін олардың өмірін соғыстан қорғау, денсаулығын сақтау, болашақ ұрпаққа демократиялық негізде білім мен тәрбие беру жөніндегі барша әлемдегі озық пікірлердің тоғысқан арнасы десек, артық айтқандық емес.
Балаларды қорғау күнімен құттықтай отыра сіздерге арналған «Кел, балалар, оқылық» атты көрмедегі қызықты кітаптарымызбен таңысайық.
#bizbirgemiz
Instagram-cbs.arkalyk,
Facebook-https://www.facebook.com/phofile.php?id=100049643914109