Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

Қазақстанда республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді.

Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу. Сонымен қатар, акция қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарылатуына мүмкіндік туғызады.

«Бір ел – бір кітап» акциясы - 2020  аясында биыл М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясы және Ә.Әлімжановтың « Ұстаздың оралуы»атты  кітаптары қалың оқырмаңға ұсынылатын болды.

Қазақ халқының мәдени даму тарихында жазушы, драмашы, публицист, зерттеуші, аудармашы әрі қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің алатын орны ерекше.

М. Әуезов – ауыз әдебиеті мен классикалық әдебиеттің, батыс пен шығыс көркем сөз мұрасының озық дәстүрін жете меңгеріп, қазіргі дәуірдегі қазақ әдебиетінің реалистік сапасын арттыруға, әдеби тілді байытуға ересен еңбек сіңірген ұлы жазушы. 

«Абай жолы» роман-эпопеясы − өткен ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамы өмірінің алуан түрлі жақтарын терең ашқан, сол заманның бейне тұлғасын жан – жақты суреттеп берген, кең эпикалық пландағы шын мәніндегі энциклопедиялық туынды»

Әнуар (Әнуарбек) Тұрлыбекұлы Әлімжанов 1930 жылы 12 майда Талдықорған облысы, Андреев ауданы «Қарлығаш» аулында туған. 

Ә.Әлімжанов — Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының, Халықаралық Дж.Неру атындағы сыйлықтың лауреаты. «Құрмет Белгісі», Халықтар Достығы орденімен наградталған.  

 «Ұстаздың оралуы» кітабы  Аристотельден кейін дүниежүзі білімі мен мәдениетінің екінші ұстазы атанған данышпан философ, әйгілі ойшыл, энциклопедист ғалым Әбу Насыр  Әл-Фарабиге арналған.

Әл-Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Арыс өзені Сырға барып құятын өңірдегі, Фараб қаласында дүниеге келді. Фарабидің то-лық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби, яғни әкесі Ұзлағ, арғы атасы Тархан.

«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ білім орталығында  «Бірге оқиық» әдеби бульбары Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай  және акцияны жан жақты жүргізу мақсатында  ОКЖ балалар бөлімі «Абай тағылымы» буктрейлер, «Абай жолы – Ұлы жол» атты әдеби кеш, «Абай жолы» романындағы Абай бейнесіне үздік шығармалар сайысы -  ОК абонемент бөлімі,  «Абай жолы» роман – эпопеясына тақырыбы мен негізгі идеясына  - пікірлесу сағаты,» «Абай әлемі –даналық мұраты»кітап апталығы  ұйымдастырылады.  Ашутасты а/к «Алашты әлемге паш еткен Абай жолы» арнау кеші, «Абай әлемі» тақырыптық көрме, Қайынды а/к «Абай –дана, Абай - дара» еске түсіру кеші өткізу жоспарланып отыр.

«Ұстаздың оралуы» атты оқырман конференциясы ОКЖ ,білім орталығы «Ұлы дананың даналығы» тағылымдық кеш, «Жыл таңдауы -2020» жарнама көрмесіне шолу,  Фурманов а/к «Тарихтың алтын  ұстазы» - диспут, «Шығыстың ғұлама ұстазы» атты тәлімдік сағат Аққошқар а/к өткізіледі.

Жыл бойы бекітілген жоспар бойынша  мәдени іс-шаралар өткізіліп,  акция аясында  жабдықталған кітап көрмелеріне шолу жасалатын болады, игі істердің нәтижесінде кітапханаға келетін  жастардың арасында оқу мәдениетінің өсімі байқалғаны қуантарлық жай.  «Артық білім - кітапта, ерінбей оқып көруге»  Абай Құнанбаев атамыз айтпақшы адам баласы үшін кітап - тілсіз тәрбиеші. Кітап адам баласына бала кезінен бастап,өмірінің соңына дейін сырлас досы бола алады.

Олай болса, қымбатты оқырмандар! Талғампаз оқырмандарымызды, кітап оқуға шақырамыз!

Орталық кітапхана библиографы Сандуғаш Садуақасова.