Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
"Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" ММ
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
"Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" ММ
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ-де Ұлттық кітап күніне орай кітапханамыздың балалар бөлімінде «Кітап оқы, болашақты ойла» тақырыбында әдеби кафе ұйымдастырылды. Әдеби іс-шара барысында оқырмандарға арналып дастархан жайылып, балалар белсенді түрде түрлі тапсырмаларға қатысып, өз білімдері мен ой ұшқырлықтарын көрсетті.
Кеш аясында балалар жазушыларына арналған қызықты сұрақтар қойылып, қатысушылар тартымды жауаптарымен ерекшеленді. Сонымен қатар, «Менің атым Қожа», фильмінен үзінді көрсетіліп, оқырмандарға ерекше әсер сыйлады.
Іс-шара барысында «Ұрпақ санасына нәр берген тұлғалар» тақырыбында ұйымдастырылған кітап көрмесімен таныстырылып, балалар рухани құндылықтарға толы әдеби мұралармен сусындады.