Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
"Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" ММ
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
"Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" ММ
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

Кездесу кеші

«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ-де Ұлттық кітап күні апталығының аясында «Әдебиет арқылы өлкені тану» тақырыбында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, айтыскер ақын, өлкетанушы Сағынтаев Батырлан Жұмабайұлымен кездесу кеші жоғары деңгейде өткізілді. Кездесу барысында Батырлан Жұмабайұлы өзінің шығармашылық жолы мен ғылыми-зерттеу еңбектері туралы айтып, «Тобыл – Торғай әуендері», «Қазына», «Тобыл-Торғай күйлері» еңбектерін таныстырды. Сонымен қатар, Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған «Ояндың ба екен, қазағым?» жинағын кітапхана қорына сыйға тартты. Шара барысында қазақтың дәстүрлі күй өнері насихатталып, Бораш Әбенұлының «Желдірме» күйі орындалды. Кездесу еркін форматта өтіп, оқырмандар мен қонақ арасында мазмұнды пікір алмасу ұйымдастырылды. Кеш «Менің қолтаңбам» жобасы аясында жүзеге асырылып, оған Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық музейінің қызметкерлері қатысты. Олар қаламгердің еңбектеріне жоғары баға берді.Шара соңында Батырлан Жұмабайұлына алғыс хат табысталды. Жалпы, аталған кездесу әдебиетті насихаттауға, жастардың рухани дамуына және ұлттық мұраны дәріптеуге өз үлесін қосты.