23 сәуір аралығында Ұлттық кітап күні апталығы аясында Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінде “Кітапқа құрмет – білімге құрмет” атты ашық есік күні өткізілді. Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру, ұлттық және рухани құндылықтарды насихаттау. Кеш аясында кітапқа арналған арнаулар оқылып, көрермендерге рухани тәрбие берілді. Іс-шараға Родина ауылының тұрғыны ұлттық өнерді ұлықтап жүрген шебер оюшы әрі туған өлкенің тарихын зерттеп, кейінгі ұрпаққа насихаттап келе жатқан білгір өлкетанушы, Әлемдік Шыңғысхан академиясының “Құрметті академигі” Шөптібай Байділдәұлы және өнегелі өмір жолымен көпке үлгі болып жүрген, парасат-пайымы биік, шаңырағында ізгілік пен жылылықты дәріптеген, ұрпағына тәлімді тәрбие берген, бос уақытын кітап оқуға арнап, рухани байлықты өмірінің ажырамас бөлігіне айналдырған Родина ауылының тұрғыны Әбілов Байжан , Ә.Бөкейханов атындағы жалпы білім беретін мектептің кітапханашысы Гүлфара Русланқызы қатысты.
Іс-шара аясында “Кітап пен телефон” атты сахналық көрініс қойылып, қазіргі жастар өміріндегі кітап пен цифрлық технологиялардың рөлі салыстырылды. Қатысушылар арасында викториналық сұрақтар ұйымдастырылып, олардың танымдық белсенділігі арттырылды. Сонымен қатар, «Кітап – сарқылмас қазына» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, ұлттық әдеби мұралар кеңінен таныстырылды.
Іс-шара соңында белсенді оқырмандар марапатталды:
“Шығармашыл тұлға” – Шөптібай Байділдәұлы
“Үздік отбасы оқырманы” – Әбіловтар отбасы
“Ең белсенді оқырман” – Сәбитбекова Аяулым
“Жас оқырман” – Қабдолла Айзере
“Кітап жанашыры” – Аягөз Сейітханқызы
Қорытынды сөзді кітапхана директоры Дәмет Есенжолқызы сөйлеп, кітаптың адам өміріндегі маңызын атап өтті. Аталған іс-шаралар жас ұрпақтың рухани дамуына оң әсерін тигізіп, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.






