Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

2022 жылдың 12 мамыр күні Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі қаламыздағы Қазақ жасөспірімдер театрында өткен облыстық көркемөнерпаздар фестивал-байқауына өңіріміздің қолөнер шеберілерінің туындыларын көпшілік назарына ұсынды. Аталған көрмеге оюшы, өлетанушы Шөптібай Байділдиннің ою-өрнектері және оюлардың сабақтастығы ретінде автордың кітаптары, мүсіншілер Әбілбек Ұзақұлының және оның ізін жалғастырушы Сапабек Әбілбекұлының тасқа қашалған мүсіндері және «Тас түлеткен талант» атты естелік жинақ қойылды. Жинақ Торғай өңірінен шыққан алғашқы мүсінші Ә. Ұзақұлының ғибратты ғұмыр жолы мен шығармашылық мұрасын баяндайды.  Қолөнер шебері Қалдыбек Қалтайұлының ағаш бұйымдардан жасалған қазақы сандықтары, айтыстың ақтаңгер ақыны Айбек Қалиевтің қамшылар топтамасы облыстан келген құрметті қонақтарға таныстырылып, көпшіліктің зор ықыласына бөленді.