Кітапханашы мамандығы үшін кәсіби біліммен қатар, жаңа техникалық құралдарды меңгеру, ақпараттық технологияның көмегімен жоғары сапалы ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету, оқырман сұранысын қанағаттандыру, кез-келген оқырман категориясымен жұмыс жүргізе алу, ұдайы өз білімін жетілдіріп отыру бүгінгі заман талабы. Осыған орай «Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ұйымдастыруымен «Кітап қорын есепке алу және өңдеу процесіндегі жаңа ақпараттық технологиялардың алатын орны» атты зерделі кеңес ұйымдастырылды. Зерделі кеңесте кітапханаға қарасты 14 ауыл кітапханашы мамандары тәжірибе алмасты. Оқуға тарту жолындағы дәстүрлер және шығармашылық ізденістер бағытындағы кәсіби біліктілік тәжірибелері қамтылды. Зерделі кеңеске Родина ауыл әкімі Кожахметов Еркін Арыстанұлы қатысып, кітапханашыларды келе жатқан 21 мамыр- «Мәдениет және өнер қайраткерлері күні » мерекесімен құттықтап жылы лебізін білдірді. Зерделі кеңесті кітапхана директоры Дәмет Есенжолқызы басқарды. Бірінші бөлімінде орталықтандырылған кітапхана жүйесінің жинақтау және өңдеу бөлімінің кітапханашысы Мұханова Марал Мейрамбекқызы «Кітап қорлары: есепке алу және сақтау» баяндамасы тыңдалды. Ал, екінші бөлімде тәжірбие жүзінде Илензер Наталья Игоревна: «Кез келген кітапхана үшін каталогтың маңызы ерекше екені, өйткені кітапханашылар оқырмандарға тек каталог арқылы қызмет көрсете алатынын Яғни, кітапхана каталогсыз болуы мүмкін емес, ол кітапхана қорын жан-жақты ашып, қор туралы ақпарат беріп, тәжірбиесімен бөлісті. Сонымен бірге кітапхана әдіскері Исабекова Лаззат Баяхметқызының «Оқырман сұраныстарын зерттеу» тақырыбында және Екідің ауылының кітапханшысы Оспанаова Г.Н. «Ауылдық кітапхана қорының өзегі» атты баяндамалары тыңдалды. Жалғызтал ауыл кітапханашысы Дюсенова Ш.Б және Молодежный ауыл кітапханашысы Омарбекова К.К. сергіту сәтін ұйымдастырды. Рухани ортада ұйымдас¬тырылған зерделі кеңес кітап-ханашылар үшін берері мол жиынға айналды.