Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

2017 жылдан бастап Арқалық қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты кітапханаларда «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы жұмыс жасауда. Акция аясында қаламыздың құрметті азаматы, еңбек ардагері Алматұлы Орекен өзінің жеке кітапханасынан 400 дана кітапты,  өлкетанушы Шөптібай Байділдин 75 дана кітапты, көп жылдар бойы кітапхана саласында қызмет атқарған Шпехт Ирма Ивановна кітапхана қорына 250 дана кітапты, еңбек ардагері Қонысбай  Ағуанұлы «Адамгершілік молекуласы» кітабының 24 данасын, ақын Әбжан Әбілтай «Дүниежалған», «Жер басып жүрген соң...» кітаптарын, жазушы Жұртбай Тұрсын «Боль моя, гордость моя – Алаш!» атты кітабын кітапханаға өз қолтаңбасымен сыйға тартты. Осындай кітап сүйер оқырмандар арқасында кітапханамыздың қоры жылдан-жылға көбеюде.

27 ақпан күні 2018 жылы Орталық кітапханада акция аясында жинақталған кітаптарға арналған бөлме ашылды. Салтанатты іс –шараға Арқалық қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қосылбаева Жаннат Аскеровна, «Нұр Отан» партиясының Арқалық филиалының басшысы  Хамзин  Нұрлан Сейтжанұлы, қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Ахметжанов Аманкелді Серікұлы, ішкі саясат бөлімінің бас маманы Сұлтанбеков Азамат Маратұлы, өлкетанушы  Байдилдин Шөптібай, Мәдениет үйінің директоры Жұмабаева Алмагүл Сейтжанқызы және БАҚ өкілдері мен Родина орта мектептің оқушылары, кітап сүйер  оқырмандар қатысты.