Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы бойынша Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен «Кітапханалық өлкетану: Мәңгілік руханият бастауы» тақырыбында ауыл кітапханашыларына арнап семинар өткізді. Семинар мақсаты – ауыл кітапханашыларына әдістемелік көмек көрсету.

Семинар  жұмысы бойынша: кітапхана басшысы Құсайын Дәмет Есенжолқызы кіріспе сөз сөйлеп, зерделі кеңестің маңыздылығына тоқталып өтті. Әдіскері Досова Ажар Кенжегаревна «Краеведение как одно из приоритетных направлений в работе сельских библиотек» өлкетану тақырыбында негізгі бағыттарды айқындады. Библиограф Айтжан Құрымғалиұлы «Өлкетану әдебиеттерінің маңызы мен мүмкіндіктері» бойынша библиографияның негізігі принцептерін түсіндірді. Қайыңды ауылының кітапханашысы Қуанышев Гүлайым Оразовна «Өлкетану тарих, бүгін және даму болашағы» тақырыбында өлкетану жұмысы бойынша ауыл кітапханасында өткізілген көлемді шаралар бойынша және кітапхананың жоспарлы жұмыстары туралы баяндамасында тоқталды. Балалар бөлімінің кітапханашысы Құлахметова Раушан Кабденовна «Балаларға арналған өлкетану: идеялар мен тәжірбиелер» атты баяндамаларсында балалар әдебиетінің жай-күйі, жаңадан келген әдебиеттер туралы мазмұнды баяндама ұсынды. Орталық кітапхананың абонемент бөлімінің кітапханашысы Алимгазина Айгүл Козыбаевна «Өз өлкеңді білесің бе?» тақырыбында блиц-турнир ұйымдастырып, кітапханашылардың өлке туралы білімдері сыналды.

Зерделі кеңесте бір қатар ұсыныстар ұсынылды:

1.Кітапханашылардың құқықтарын қорғайтын кітапханалық одаққа кіру мәселесі;

2.Жергілікті ауылдардағы аты аталмай қалған зиялы қауымдардың есімін жарыққа шығару, олар жайлы материалдар іріктеу;

3.Цифрлы Қазақстан бағдармасы бойынша әдебиеттерді мүмкіндігінше цифрландыру:

Аталған ұсыныстар кітапханашылар тарабынан оң шешім тапты.

Зерделі кеңестің қорытынды бөлімінде кітапхана басшысы кітапханашылардың заңнамалық құқықтары жөнінде өз ойын ортаға салып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Шара соңына қарай кітапхананың ішкі жұмыстары, жылдық жоспар, жылдық есептер талқыланды.