18.09.2024
Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі " ММ ауыл кітапханашылар үшін «Кітапханалық жобалар, бағдарламалар-кітапхана ісінің көкжиегі» тақырыбында зерделі кеңес өтті.
Бұл кеңеске орталықтандырылған кітапхана қызметкерлері қатысты.
Зерделі кеңестің мақсаты - кітап оқылуын насихаттау, кітапхананы жастардың шығармашылық ортасына айналдыру, кітапхана қорын насихаттау, жастардың жаппай кітап оқуына ықпал ету, кітап оқуды адам өмірінің бос уақытында өзіне серік етіп, тиімді өткізуге үлес қосу, өлкенің қасиетті жерлерін насихаттау, кітапхана қызметкерлерінің шығармашылық белсенділігін арттыру.
Зерделі кеңесте: кітапхана басшысы Құсайын Дәмет Есенжолқызы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Кеңес барысында «Кітапханалардың жобалық және бағдарламалық қызметтері» туралы әдіскер Исабекова Лаззат Баяхметқызы баяндама оқып, осындай жобалардың бірі Қостанай облыс әкімдігі қолдау білдіріп, Л.Н. Толстой атындағы облыстық кітапхана ұйымдастырған көркем әдебиет оқуға деген ынтасын, кітапқа құштарлығын арттыратын «ОҚЫ және ЖЕҢ» онлайн байқауға тоқталып өтті. Кітаптардың тізімі арнайы сайтта жарияланғаны, оқырмандарды оған тіркеу, ұсынылған кітапты берілген уақыт ішінде оқып шығып, кейін онлайн тест тапсыратынын түсіндіріп өтті. Биыл облысымызда екінші рет өткізгелі отырған байқауға кітап оқитын ортаны қалыптастырып, көпшіліктің көркем әдебиетке деген қызығушылығын ояту кітапханашылырдың міндеті екенін айтып өтті.
«Ауылым –алтын бесігім» жоба аясында Ашутасты ауылдық кітапханасының жұмысы туралы Амангелдина Нүргүл Амиргалиевна, «Өнер қонған өлке» бағыты бойынша «Менің қолтаңбам» жобасы аясында библиограф Көшкінбай Сымбат Мұратқызы баяндамалар тыңдалды. Сонымен қоса, «Өлкеңді танисын ба?» ұшқыр ой алаңын жинақтау және өңдеу бөлімінің кітапханашысы Муханова Марал Мейрамбекқызы мен абонемент кітапханашысы Тұрсынбек Сымбат Сабыржанқызы ұйымдастырды. Зерделі кеңес соңында, кітапханашылардың түрлі сұрақтарына жауап беріліп, алдағы жұмыс жоспарлары туралы айтылды.