Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

Кітапхана жұмысын жандандыру, оқырмандарды кітап оқуға деген ынталарын арттыру мақсатында «Алғашқы оқырман-2020»  атты акциясын ұйымдастырған болатынбыз .

Жаңа жылдық мерекелер аяқталды, жұмыс күндері басталды. 5 қаңтар күні Орталық кітапхананың абонемент бөлімінің қызметкерлерінің дәстүрге айналған шара – оқырмандарды салтанатты түрде тіркеуге алумен басталды.

Алғашқылардың бірі болып келген тұрақты оқырманымыз – Родина ауылының байырғы тұрғыны Чукова Галина  Евгеньевна  кітапханадан сүйікті кітаптарын жаздырып  алды.
Оқырмаңымыздың  кітапқа деген қызығушылығы мол,15 жылдық өтілімі бар  зейнеткер оқырманымыз көптеген әдеби–көркем  кітаптарды  қызыға  алып  оқиды.

Кымбатты оқырмандар, кітап бәріңнің де мәңгі сенімді достарың, серіктерің болсын. Кітап қадірін білетін жақсы оқырмандарымыз көбейе берсін. Еліміздің болашағы, ертеңі үшін барлық қуат-қайраттарынды оқуға, заман талабына сай терең білім алуға жұмсаңдар. Өмірде бар нәрсе өзгереді, тек кітапхана халық қажетіне жарап, ғасырлар бойы жасамақ. Осы құндылығымыз ешқашан жоғалмай келешек ұрпақ асыл қазынамыздан нәр алып, сусындай берсін.

Еліміздің азаматтары қазіргі заманға сай білімді, мәдениетті, өнерлі болуы қажет. Ол үшін терең білім, ғылым жаңалықтарын, өткен тарихымызды өнерімізді білу үшін кітапты көп оқуымыз керек.

Осындай  оқырмаңдар  көп  болсын  ағайын !

«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйсе»ММ

Орталық  кітапхананың Абонемент бөлімінің кітапханашысы Айгүл Әлімғазина