Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

Қазақстан Үкіметі 2022 жылғы 18 қазандағы қаулысымен «Кітапханашылар күні» жаңа кәсіби мерекесін бекітті. Бұл мереке 24 қазан күні атап өтіледі. Осындай айтулы мерекеге орай Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапханасында "Кітапханашы - мәртебелі  мамандық» атты мерекелік іс-шара өтті.  Мерекелік шараға Арқалық қаласы әкімінің орынбасары Жұманов Мешітбай Қайыржанұлы , Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жұмабаева Алмагүл Сейтжанқызы және  зиялы қауым өкілдері қатысты. Елімізде биыл алғаш рет тойланып отырған бұл мереке осы мамандық иелеріне деген сый-құрметтің нышаны деуге болады. Шара барысында кітапханашылар арнау өлеңдерін оқып ән мен жырдан шашу шашылды. Сондай-ақ еңбегі ерен кітапханашылар облыс әкімінің құрмет граматасымен әдіскер Исабекова Л.Б , ұлттық кітапхана атынан Көктау ауыл кітапханашысы Шигибаева М.Ж  мәдениет басқармасы басшысының  атынан Ашутасты ауылының кітапханашысы Амангелдина Н.А және Л.Толстой атындағы  облыстық кітапхана директоры атынан Жалғызтал ауылының кітапханашысы Дюсенова Ш.Б және Целинный ауылының кітапханашысы Амиржанова А.Д  алғыс хаттармен марапатталды.Сонымен бірге облыстық кәсіподақтар  атынан абонемент бөлімінің кітапханашысы Мурзыгалиева Ж.С Молодежный ауылының кітапханашысы Омарбекова Г.К   Екідің ауылының  кітапханашысы Оспанова Г.Н   Мирный  ауылының кітапханашысы  Досмағанбетова А.А және Арқалық әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі  атынан Қайыңды ауылының кітапханашысы Қуанышова Г.О балалар бөлімінің кітапханашысы Құлахметова Р.Қ  өңдеу және түптеу  бөлімінің  кітапханашысы  Илензеер Н.И   және Фурман ауылының кітапханашысы Досова Ж.Қ марапатталды.

Сіздерді кітапханашылар күнімен құттықтаймыз!

Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, еңбектеріңізге шығармашылық табыстар тілейміз!