Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

«Туған жер» деген кезде әрбір азаматтың, әрбір адамның жүрегіне тулаған шабыт пен сезім ұялайтыны анық. Себебі, адам – өзінің туған жерінің төлі. Сол даланың, сол жердің, сол мекеннің меншігі. Туған жерге деген сезім мен махаббаттың өлшемі шектеулі болмайды. Ол шексіз. Өлкетанудың басты міндеттері – өздерің туған, өскен өлкелеріңдегі тарихи ескерткіштерді аялап күту, қамқорлыққа алу, олардың сақталуын қадағалау. Осы бір ерекше шексіз патриоттық сезімді әрбір азамат пен жастардың бойына етене сіңіріп, қандарына дарыту үшін, сөздің ұғымын кең мағынасында түсіну үшін, кітапханашылар қауымы барлық жұртшылық үшін рухани жаңалық алыбы, жаңа леп, жайсаң көзқарас жаршысы. Адамзаттың бүкіл дамуы барысында қалыптасқан ақыл-ой, рухани жетістіктерін жүйелі түрде жинақтап, сақтау, оны халық игілігіне жаратуда кітапхана қызметкерлерінің үлесі мол. Кітапханалардың өлкетану бағытындағы жұмыстарымен тәжірибе алмасу мақсатында  Арқалық қаласының орталықтандырылған  кітапхананың ұйымдастыруымен Қайыңды ауылдық кітапханасында «Өлкетану жұмысы: ізденіс, инновация, тәжірибе» атты көшпелі  кітапханашылардың кезекті зерделі кеңесі өтті.Зерделі кеңестің модераторы Арқалық қаласының ОКЖ директоры   Құсайын Дәмет Есенжолқызы  кеңеске  қатысушыларға

сәттілік тілеп, ойдағыдай өтуіне тілегін білдірді.

Зерделі кеңестің жұмысы  бойынша  орталық кітапхана библиографы Көшкінбай Сымбат Мұратқызы  «Кітапханада өлкетану әдебиетін насихаттау, жарнамалау» тақырыбында баяндама жасады. Биылғы жылы айтулы күндер күнтізбесіне енгізілген өлкеміздің бір туар азаматтарына арналған бибилиографиялық көрсеткіштер мен жаднамалар  кітапханашыларға  үлестіріп,   өлкетану бойынша жасалған іс-шараларға тоқталып,  кітапханаларға оқырмандарды шақыру барысында жарнама түрлеріне тоқталды.  «Өлке тарихы-ел тарихы» атты баяндамамен және өлке бағытындағы жұмысымен Жалғызтал ауыл кітапханашысы Дюсенова Шнар Бағдатқызы таныстырды, өз ауылының  жер-су атауларына тоқталды. Сондай-ақ «Ауылым тұнған шежіре»  тақырыбымен  Қайыңды ауылының кітапханашысы  Қуанышова Гүлайым Оразқызы  баяндама жасалып, кітапханаға және «Туған өлке тұлғалары»  атты фотокөрмеге шолу жасалынды .  Қайыңды мәдениет үйінің басшысы Мерей Қуанышқызы кітапханамызға Қайыңды ауылының тумасы ақын, аудармашы Бақыткерей Ысқақовтың   3 кітабын сыйға тартты.   Рухани ортада ұйымдастырылған зерделі кеңес кітапханашылар үшін берері мол жиынға айналды. Зерделі кеңес кітапханашылардың ой сергіту, тренинг ойындарымен жалғасты. Кеңес соңында кітапхана саласының ардагері Қуанышова Гүлайым Оразқызын кітапхана басшысы Дәмет Есенжолқызы  зейнетке шығуымен  құттықтап, кәсіподақ атынан сыйлық  тапсырды.

 

Арқалық ОКЖ

Әдіскер Лаззат Баяхметқызы