Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

Қоғамымыздың рухани жаңғыруына әсер ететін еңбектерді және тарихымыздағы ұлы тұлғалардың өнегелі өмірін насихаттай отырып келешек ұрпақтардың  ұлы бабаларының  есімін ерекше құрмет тұту мақсаттында өлкеміздің айтулы жазушылары мен қаламгерлерінің өмірі мен шығармашылығын  оқырмандарға таныстыру мақсатында  Арқалық қаласының ОКЖ –де 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап күніне орай «Дархан дарындар дариясы» атты кітап апталығы өтілді.

Апталық қазақ мәдениеті мен әдебиетіне, жалпы өркениетке еңбегі сіңген жерлестеріміз Қ. Салғараұлы, С. Кенжеахмет, Қ. Сәрсекеев , С.Шүкірұлының  сексен жылдық мерейтойына арналады. Апталықтың бірінші күні Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күнін атай отыра, біз әр мемлекеттің мәдениетін сақтау мен көбейтуіндегі кітаптың атқаратын рөлінің маңыздылығына тоқталдық. «Ұлы  бабалар  тағылымы» атты тақырыпта кітап шеруі Қ. Салғараұлы, С. Кенжеахмет, Қ. Сәрсекеев , С.Шүкірұлының кітаптарына арналды. Екінші күн сатирик, этнограф С. Кенжеахметтің  өмірі мен шығармашылығына арналған «Сиқырлы сөздің шебері» арнау кеші өтілді. Бұл кешке үзенгелес досы, жерлесі, талай жылдар бірге жүрген жолдасы Торғай өңірінің құрметті азаматы, еңбек ардагері Орекен Алматұлы  қатысып  Сейіт Кенжахметұлы мен өткен жастық шақтары туралы естеліктермен бөлісті. Сонымен қатар, кітапхана қорындағы С. Кенжеахметовтың Энографиялық – танымдық еңбектері мен сатира жанырындағы кітаптарына шолу жасалып, «Егеменді елімде иілмеген еменім» атты жергілікті ақын Болат Молдашұлының  арнауы өлеңі мәнерлеп оқылды. Күлкінің киіз кітабындағы әзіл-сықақ әнгімелерінен көрініс қойылды. Родина ауылының тұрғыны кітапхана оқырманы Қапият Әлібек, Жүнісов Саят әннен шашу -шашты.

Үшінші күн жазушы Қоғабай Сәрсекеевтің  шығармашылығына  арналған «Қаламына қадір дарыған» әдеби сағат өтілді. Әдеби сағатта Қоғабай ағамыз өз өмірін ұлт өне­рін зерделеуге, ұлт руханиятын зерттеуге арнаған еңбектері 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың қаһарманы Амангелді Иманов өмірі мен күрес жолы жайлы жазылған “Қызыл жалау” деген көп томдық тарихи романны, «Жол үстіндегі әңгіме», «Ұлы ұстаз немесе – Ахмет Байтұрсынов жайлы ой түйін», «Портреттер», «Үш арыс», «Үш таным», «Өзге емес өзім айтам өз жайымды» деп аталатын әңгіме-эсселері туралы оқырмандарға қысқаша мағұлматтар беріліп, Респу­бли­калық театрларда қойылған «Қол мерген», «Кесте орамал», «Ыбы­рай Алтынсарин», «Мұңлық-Зар­лық», «Фатима», «Ашудас», «Сарбаздар» сияқты пьесаларынан үзінділер экран арқылы көрсетілді. Сонымен қатар кешегі Алаш арыстары негізін қалаған  2006 жылы «ҚАЗАҚ» газетін, 2012 жылы «АйҚАП» журналын қай­та жарыққа шығуына сіңірген еңбегі жайлы оқырмандарға мағұлматтар берілді.Оның өмір жолының, өнегесінің кейінгі ұрпаққа өшпес үлгі болатыны анық.

Төртінші күн кітапханада Түркітанушы ғалым, жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының және Күлтегін сыйлығының иегері, тарих ғылымдарының докторы, профессор – Қойшығара Салғараұлының 80 жылдық мерейтойына орай «Ұлт тағдырын ұрандаған ер» портреттік  кеш  өтілді.

Қойшығара Салғараұлы 1939 жылы 1 сәуірде Торғай облысының Көкалат ауылында туған. Еңбек жолын шопандықтан бастаған ол, ҚазМУ-дің филология факультеті журналистика бөлімін бітірген соң, «Ауыл өмірі» газетінің редакторы, Қазақ радиосының Қостанай облысындағы меншікті тілшісі, Торғай облыстық телерадио комитетінің редакторы болған. «Егемен Қазақстан» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарған.  Қазақ елі тәуелсіздігін алғаннан кейін, Қойшығара Салғараұлы ҚР Мемлекеттік хатшысының кеңесшісі, мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңес хатшысының орынбасары, хатшысы, 1997 жылы Қазақстан Республикасының ҚХР-дағы Елшілігінде мәдениет жөніндегі кеңесші қызметтерін атқарған. ҚХР-да жүріп «Сиуңну», «Дуңху. Гаучы», «100 құжат», «Таным тармақтары», «Анықтамалық» атты кітаптарын жазды. «Алтын тамыр», «Көмбе», «Қазақтың қилы тарихы», «Қазақтар» роман-эссе, «Қазақ қазақ болғанға дейін», «Қазақ қазақ болғаннан кейін» деген ІІ томдық романдары жарық көрді. «Қазақтар» трилогиясы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды (1996). Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.  Қойшығара Салғараұлының өмір жолдарын оқырманға таныстыра отырып, экран арқылы замандастары айтқан лебіздері тындалып, кітаптарына шолулар жасалды.
 
Бесінші күн жазушы Сабыржан Шүкірұлының шығармашылығына арналған  «Сар дала сағынар әлі Сабыржаның» танымдық сағат өтілді. Бұл іс –шара арқылы  жазушының өмірі мен қаламы­нан туған «Тамаша өмір», «Шақ­шақ Жәнібек» атты деректі әңгі­ме­лері, «Нақпа-нақ» атты ой түйіндері, «Рухани өріс кернеуі» әдеби сын-зерттеуі мен «О заманда бұ заман» атты публицистикалық кітаптарын оқырман қауымға таныстырдық. Ұлтжанды қаламгердің ой түйіндері мерзімді баспасөз беттерінде жиі жарық көріп, ұрпақтың дамуына, ұлағатты азамат­тар­дың қалыптасып, отансүйгіштік қа­сиеттердің өрістеуіне игі әсер етті. Өмірде сыпайы да мәдениетті қалпынан айнымаған, бекзат болмысты, адамгершілігі мол, көркем мінезді, еңбекқорлығы туралы оқырмандарға айтып өттік.

Өтілген іс – шараларға АРГПИ студентері, Родина орта мектеп оқушылары , мұғалімдер  мен ауыл тұрғындары қатысты. Кітапхананың  әр бір бөлімінде   кітап қорына жаңадан келген  әдебиеттерге арналған «Жаңа кітаптар», «Кел, балалар оқылық», «Кітап –рухани қазына» тақырыптарда құрылған көрмелердегі кітаптар  оқырмандарға  таныстырылды.

Осы мерекені тойлауда барлық адамдар қазіргі адамның өміріндегі әдебиеттің рөлі туралы ойлауы керек. Кітап әр мемлекеттің мәдениетін сақтау және көбейту үшін өте маңызды. Бұл адамзаттың мәдени мұрасын сақтауға және байытуға көмектеседі.

Дәмет Құсайын

Арқалық ОКЖ директоры