Бүгін кітапханамыздың балалар бөлімінде ерекше оқырманымыз - Тіленді Нұрболмен әсерлі кездесу өтті. Сөйлеу мүмкіндігі шектеу болса да , Нұрболдың жанарынан кітапқа, білімге деген шынайы қызығушылық анық сезілді. Танымдық сағат біз шахмат ойнап, жұмбақтар шештік, түрлі қызықты кітаптар арқылы ой – өрісін дамытуға тырыстық. Нұрбол өзіне тән ерекше қабылдауымен, зейінділігімен бізді қуантты. Мұндай кездесулер жүрекке жылу сыйлап, әр балаға назар мен мейірім қажет екенін еске салады






