Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің абонемент және балалар бөлімдерінің ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Мейірімділік - жүрек жылуы» атты танымдық сағат өткізілді. Шараның мақсаты - қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау, қоғамдағы теңдік пен сыйластықты насихаттау, мейірімділік пен қамқорлықтың маңызын түсіндіру. Шарада қызықты ойындар мен танымдық тренинг өткізілді. Іс-шара соңы әуезді ән шырқалып, естелік сыйлықтар табыстаумен аяқталды.






