13.11.2024 ж
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ «Менің денсаулығым – менің болашағым» атты кездесу кеші өтті. Бұл шара жастардың болашақта салауатты өмір салтын ұстануына, есірткі, алкоголь және темекі сияқты зиянды әдеттерден аулақ болуына бағытталған. Салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттердің денсаулыққа зияны мен оның адам ағзасына тигізетін әсері туралы ақпарат беру мақсатында ұйымдастырылды. Кездесу кешіне Родина ауылдық округының полиция қызметкері - Өтемісұлы Махамбет, қолөнер шебері, өлкетанушы Шөптібай Байділдин. Психолог - Мағауова Салтанат Абайқызы, дәрігер - Асылханова Бибігүл Ағзамовна және кітапхана оқырмандары, мәдениет клубының қызметкерлері қатысты. Кітапханашы кештің ашылуында жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, еліміздің Президенті Қасым - Жомарт Тоқаевтың денсаулық сақтау саласына қатысты айтқан пікірін келтіріп, осы мәселеге қоғам болып атсалысу қажеттігін атап өтті. Кездесу барысында қаралған негізгі тақырыптар мен сұрақтар:зиянды заттар – есірткі, ішімдік және темекінің адам ағзасына тигізетін әсері, нашақорлықтың әлеуметтік және психологиялық зардаптары . Кеш соңында кітапханашы жастарды салауатты өмір салтына, дұрыс тамақтануға және физикалық белсенділікке шақырып, әр адамның денсаулығын қорғау үшін әрбір азаматтың жауапкершілігі маңызды екендігін ескертті. Бұл шара жастарға өз денсаулығына көңіл бөлу, зиянды әдеттерден аулақ болу, дұрыс өмір сүру мен болашақта салауатты ұлт болу үшін маңызды құндылықтарды үйретуге бағытталды.