Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

Абонемент  бөлімінде  «Мерейлі мерейтойлар»  атты тақырыптық сөренің   бірінші бөлімінде: қазақ әдебиетінің алып тұлғаларының бірі, әдебиеттің сан саласында қалам тартқан аса терең ойшыл ақын, белгілі сыншы, драматург, дүние жүзінің көптеген классиктерін ана тілімізде сөйлеткен Қадыр Мырза Әлидің  85 жылдық мерейтойына орай  «Поэзия пайғамбары»  атты арнау көрмесі қойылды.

Қадыр Мырза Әли «Қылыш пен Қанжар», «Көкейкесті», «Домбыра», «Көш», «Жерүйық», «Алтын сауле», т.б. ондаған жыр жинақтарында, «Жаралы жолбарыс», «Сақалдың саудасы», атты драмалық туындыларында оқушыларының жігерін жандырып, қиялын үштап, азаматттық намысын оятатын ойшыл қаламгер «Иірім»,  «Жазмыш» атты эсселік туындыларында да  өзіннің ел үшін  қызмет ете білетін қаламгерлік  асқақ мұратыннан табыла білгендігімен тәнті етеді.

Екінші бөлімде: «Ұлттық  рухты оятқан ұлы суреткер» атты  Ілияс Есенберлиннің  105 жылдығына орай  «Көшпенділер» алты кітаптан тұратын тарихи эпопеясына арналған арнау көрме  ұйымдастырылды.  Бұл шығарма –қазақ сөз өнерінің әлемдік нұсқасына қойылған, тарихты көркемдік пайымдаудың үздік үлгілерінің бірі, партиялық  идеологияның қылышынан қан тамып тұрған уақытта дүниеге келген шығармалардан тұрады.

Үшінші бөлімде: Дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшысы Бауыржан Момышұлының  110 жыл мерейтойына «Алаштың айбыны –Бауыржан Момышұлы» атты көрме жасалды. Бұл көрмеге  нақыл сөздермен бірге  «Москва үшін шайқас», «Шындығын айтқанда»,  «Алыстан сәлем жолдаймын», «Жүрекпен жырлап толғаймын», «Айтылмаған ақиқат», «Куба әсерлері», «Психология войны», «Сердце волка», көптомдық шығармалар жинағы  қойылды.

  Абонемент бөлімінің кітапханашысы Әлімғазина Айгүл