Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған, Елбасының бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.
Қазақ қашаннан да бауырмал халық қой. Әр кезеңдерде елімізден пана іздеп келген "жат жұрттардың" бәрін бауырына басып, төрінен орын берген. Родина ауылында да түрлі ұлт өкілдері ынтымағы, бірлігі жарасып, бір үйдің баласындай тату тәтті, бейбітшілікте өмір сүруде. Алғыс айту күнінің басты мәні – тарихи жадыны сақтау, ұрпақтар сабақтастығы мен іргесі берік негіздегі ел бірлігін нығайту. Айтулы мерекеге орай Орталық кітапхананың Білім орталығында оқу залының ұйымдастыруымен «Өмірге риза болып алғыс айт» атты ризашылық кеші өтті.
Мерекелік іс-шара қонағы кітапханамыздың тұрақты оқырманы Родина ауылының тұрғыны әзербайжан ұлтының өкілі Мамедов Закир Мамед—Оғылы қазақ еліне, кітапханаға деген жылы лебізін білдіріп, «Рахмет» айтты. Кеш барысында мектеп оқушылары; Дәулет Айарудың орындауында «Ризамын», Шыныбеков Илиастың орындауында «Мен Қазақпын» және оқу залы кітапханашысы Мурзыгалиева Жанагүлдің орындауында «Абзал ана» әндерінен шашу шашылып, Родина орта мектебінің 8 сынып оқушылары ата-анаға , аға-әпкеге, ұстазға, туған жерге,елге деген алғыс өлеңдерін оқыса, Родина мектебінің 3-ші 4-ші сынып оқушылары ағылшын тілінде алғыс марафонын өткізіп, алғыс ризашылық туралы тақпақтар оқыды. Кеш соңында кітапхана директоры Дәмет Есенжолқызы келген қонақтарға, кітапхана ұжымына алғыс ризашылығын білдіріп, сөз сөйлеп кітапханада өтетін іс-шараларға белседілік танытқаны үшін Шыныбеков Илияс пен Дәулет Айаруға алғыс хатпен марапаттап, тұрақты оқырман Закир Мамед-Оғлыға кітапхана атынан кішігірім естелік сыйлығын табыстады. Кітапханадағы алғыс айту күні өте көңілді де, қызықты өтті.
28.02.20 ж.
Мурзыгалиева Жанагул Серікқызы
Оқу залы бөлімінің кітапханашысы