Әуелбеков Еркiн Нұржанұлы – белгiлi мемлекет және саяси қайраткер, iрi ұйымдастырушы, Социалистiк Еңбек Ерi. Ол 1930 ж. маусымның 22 жұлдызында Көкшетау облысы Рузаев ауданы Фрунзе ауылында туған. 1948 жылы Шұқыркөл орта мектебiн (медальмен) үздiк бағамен бiтiрiп, осы жылы Мәскеудегi Тимирязев атындағы ауылшаруашылық академиясына түсiп, оны 1953 жылы үздiк бағамен бiтiредi. 1953 жылдан қызметте.
Солтүстiк Қазақстан облысындағы МТСтың агрономы, МТС және совхоз директоры. 1961 жылдан партия-кеңес қызметтерiнде, облыстық Көкшетау Кеңестiк атқару комитетiнiң төрағасы.1965-1967 жж. Қазақстан ауылшаруашылық министрiнiң бiрiншi орынбасары, ал 1967-1968 жж. Қазақстан Республикасының астық дайындау және комбикорм министрi қызметiн атқарады. Торғай облысында 1978-1985 жж. облыстық партия комитетiнiң бiрiншi хатшысы болып тұрғанда да облыстың халық шаруашылығы биiк деңгейге көтерiлдi. Е. Әуелбеков қай өңiрде немесе қай салада қызметте болмасын, ол өзектi проблемаларды уақытында көрiп, оны дер кезiнде көтерiп аяғына дейiн жеткiзе орындап жүрдi. 1989 жылдан Москвада КСРО Жоғарғы Кеңесiнде ұлттық iстер басқармасының бiрiншi орынбасарлық қызметiн атқарады. КСРО Орталық партия комитетiнiң ХХIҮ, ХХV, ХХVI съездерiне делегат, бiрнеше шақырудағы КСРО Жоғарғы кеңесiнiң депутаты, үш мәрте Ленин орденiмен, Октябрь революциясы орденi, үш мәртебе Еңбек Қызыл Ту орденiмен және басқа да наградалармен марапатталған.
#bizbirgemiz
Instagram-cbs.arkalyk,
Facebook-https://www.facebook.com/phofile.php?id=100049643914109