Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

Иә, адамзат тарихында жеңістер көп. Бірақ олардың ішінде мән-мағынасы жөнінен шоқтығы биігі – Ұлы Отан соғысындағы жеңісі. 1941—1945 жылдар аралығындағы Ұлы Отан соғысына 35 млн. адам, оның ішінде 1,5 млн. қазақстандық қатысты. 

Олардың өнегелі өмірлерін жас ұрпаққа жан-жақты насихаттау, таныстыру кітапхана қызметкерлерінің міндеті. Ұлы Жеңісті насихаттау барысында Арқалық қаласының Орталық кітапханада ашық суретті үш бөлімнен тұратын «Ұлы Ерлікке тағзым» атты жылдық тақырыптық кітап көрмесін ұйымдастырылды. Көрмеде оқырмандарды  құжаттық, мемуарлық, көркем-әдебиеттермен толыққанды таныстырады.
Көрменің Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ірі шайқастарына арналған «Тарих беттері», атты бірінші бөлімінде   9-мамыр – бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың  қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан,  Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам. Бірақ бұл жеңіс оңайлықпен келмеді. КСРО-ның 1710 қаласы күл талқан болды. 70 мыңнан астам село мен деревняны өртеп жіберді. Қаншама ана баласыз, қаншама бала әкесіз қалды. Соғыс даласынан 20 миллионнан астам адам қайтқан жоқ, ал соның ішінде 350 мыңы қазақ болатын.  Соғыс өрті өшіп, қайғы мұңнан арылып, бейбітшілік орнап, бақыт гүлін тергенге — 75 жыл.

Көрменің  "Қаһарман ұрпаққа тағзым” атты екінші бөлімінде қазақстандықтардың үлесі, олардың батырлық ерліктері туралы материалдарды мүмкіндігінше мол қамтылды. Қазақстандық  жауынгерлер Украинаны, Белоруссияны, Балтық бойын, Молдовияны азат етуге қатысты. Мыңдаған қазақ жігіттері Кеңес әскерінің құрамында Шығыс Европа халықтарын Гитлердің тепкісінен азат етуіне ат салысты. Кеңестік Шығыс  әйелдері арасынан бірінші болып Ленин орденімен және Алтын жұлдыз медалімен марапатталғандар — шығыстың қос шынары: пулеметші Мәншүк Маметова мен 54-атқыштар бригадасының Мергені (снайпер) Әлия Молдағұлова болды.  Соғыс жылдары қазақстандық бес әскери құрамға гвардиялық деген құрметті атақ беріліп, олардың туларына әлденеше ордендер қадалды. Олардың жауынгерлерінің ерлігі аңызға айналды. Соның ішінде атақты панфиловшылар дивизиясы бар. Оның құрамынан шыққан батальон, кейіннен дивизия командирі болған Бауыржан Момышұлының, Мәлік Ғабдулиннің есімдері соғыс тарихынан мәңгілік орын алады.

Үшінші бөлім: "Торғайлықтар Ұлы Отан соғысында” деп аталды. Бүгінде Арқалық өңірінде қанды қырғынды бастан өткерген екі майдангер ғана қалып отыр.

ҰОС ардагері, полиция полковнигі Федор Романенко 1922 жылы Қостанай облысының Федоров селосында дүниеге келген. №883 полк, 193 атқыштар дивизиясы құрамында Сталинград майданына қатысқан.

Тамара Пуцыкина Смоленск облысы, Велижевский ауданы, Логун селосында өмірге келген. Беларус майданына қатысқан. Ардагерлердің екеуі де «Екінші денгейлі Ұлы Отан соғысы» орденінің және бірнеше медальдардың иегері.  Ұлы Жеңіс сарбаздарының каһармандығы,көрсеткен ерлік пен қайсарлығы халық жадында мәңгілік  қала бермек.
Әдістеме - библиографиялық бөлімінде Ұлы Жеңістің 75 жылдығына  "Жеңісті жақындатқан,Торғайлықтар! атты библиографиялық көрсеткіш дайындалды.

Құрметті оқырмандар  жылдық тақырыптық көрмені тамашалауға шақырамыз!

Орталық кітапхана әдіскері Досова А.К.