Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

«Ұмытылмас ұлы қасірет»

 Құрметті кітап сүйер қауым!

Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі оқу залы бөлімі «31 мамыр – қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» күні осы қасіретті қанқұйлы жылдардың оқиғасын, құрбан болған мыңдаған жазықсыз жандардың рухына тағзым етіп,  оларды мәңгі құрметтеп еске алу мақсатында  Родина жалпы білім беретін мектебінде «Ұмытылмас ұлы қасірет» атты реквием кешін көшпелі түрде өткізді.

Аталған шара барысында 1929-1931 жылдардағы Қазақ халқының басына түскен ашаршылық туралы «Қасіретті жылдар» атты бейне көрініс  пен 1936-1938 жылдары халық жаулары деп нақақ жала жабылған ұлт зиялылары мен жапа шеккен асыл аналардың рухына бас иіп еске алу үшін, «Дәуір және тағдыр құрбандары» атты слайд көрсетілді.  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бахытбек Смағұлдың  "Жаралы жылдар", Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Алаш ұраны» және жергілікті ақын Серік Тұрғынбекұлының    "Арыстар азасы" өлеңдерін 10-сынып оқушылары Балташ Ақнұр, Азамат Махаббат және әріптесіміз Италмасов Айтжан Құрымғали ұлы  нақышына келтіріп мәнерлеп оқып көрерменнің көңілінен шықты. Шараға көрермен ретінде жазғы мектеп оқушылары мен ұстаздары қатыстырылып, тақырыпқа сай сұрақтар қойып, белсенді түрде атсалысты.