Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

Жастарды темекі, арақ, есірткі, СПИД-тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған

кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру, сана-сезімдерін дамыта түсу мақсатында Арқалық  қаласының  Орталық кітапханада  қылмыстық жазасын сыртай  өтеп жатқан  құқық  қорғау органдарында  есепте тұрған тұлғалармен жұмыс жүргізу мақсатында  «Нашақорлық – ғасыр дерті» тақырыбында  дөңгелек үстел  басында кездесу болды.   Родина ауылының аурухана фельдшері Бейсенова Гүльжанат Тұраровна және ауылдық полиция  инспекторы Ешмагалиев Аманкелді қатысты. Іс-шараға қатысушылармен мынадай сұрақтар бойынша пікірлестік:

  • Маскүнемдерді, нашақорларды емдеуге байланысты қалада (ауылда) қандай мәселелер бар?
  • Бұл жағдаймен қандай әлеуметтік қызметтер айналысуға тиіс?
  • Жасөспірімдер алкоголь мен есірткеге құмарлықты жеңуде өз құрдастарына көмектесе ала ма?
  • Не себептен жасөспірімдерге көмек сұрау және бөгде біреудің көмегін қабылдау қиынға түседі?
  • Салауатты өмір салты дегеніміз не?

Кітапхана  қонақтарына «Есірткі-ғасыр  дерті»  тақырыбында кітап көрмесі құрылып шолу жасап , «Біз бірге оқимыз» акция аясында келіп жатқан жаңа кітаптарға шолу жасалды.

 Осындай рухани-әлеуметтік кеңістік құру арқылы жасөспірімдер арасындағы нашақорлықты және т.б. рухани дерттерді жойып, саналы ұрпақ тәрбиелеп бірлесе жұмыс атқаруымыз қажет. Олай болса біздің бүгінгі басқосудың  мақсаты - жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау болды.

Д. Құсайын Кітапхана директоры