23 сәуір Халықаралық кітап және авторлық құқық күніне орай Республика көлемінде өтіп жатқан "КІТАП шоу - 2024" фестивалінің аясында "Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі "ММ кітапханасында "Өнер қонған өлке " атты тақырыбында ашық есік күні өтті. Мақсаты: жас ұрпақтың бойында Отанына, еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезім қалыптастыру. Жас өлкетанушыларға туған өлкеге деген қадір - қасиетті оята отырып, сол арқылы өскен өлкеге еңбегі сіңген тұлғаларды таныстыру. Туған халқымыздың әдебиетін тереңірек тануға оны суюге, қадірлеу білуге, дағдырландыру, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. кітапты насихаттау, балаларды кітап оқуға шақыру. Кітап мерекесінің қонақтары өлкетанушы Шөптібай Байділдин және Ә.Бөкейханов атындағы мектебінің оқушылары, оқырмандар қатысты.