2026 жылғы 21 қазанда «Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесінде «Оқуды алға жылжытудағы кітапхана жұмысының заманауи түрлері» атты зерделі кеңес ұйымдастырылды. Кеңестің мақсаты - кітап оқуды насихаттаудың тиімді жолдарын талқылау, оқырман мәдениетін қалыптастырудың заманауи әдістерімен бөлісу және кітапханалардың рухани-мәдени рөлін арттыру.
Іс-шараға орталық кітапханаға қарасты ауылдық кітапханалардың қызметкерлері қатысып, кітап оқуға қызығушылықты арттыру, отбасылық оқу дәстүрін қалыптастыру және ауыл кітапханаларының қоғамдағы маңызы туралы баяндамалар жасады.
Басқосуды кітапхана жүйесінің директоры Дәмет Есенжолқызы жүргізді. Кеңес барысында «Кітап оқитын ұлт» республикалық акциясының маңызы атап өтіліп, оқырман тартудың тың тәсілдері мен кітап оқуды насихаттаудың тиімді жолдары талқыланды.
Тәжірибелік бөлімде кітапханашылар тренинг өткізіп, қатысушылар өзара пікір алмасып, кәсіби тәжірибелерімен бөлісті. Зерделі кеңес кітапхана мамандарының кәсіби ізденісін арттырып, оқырман мәдениетін дамытуға бағытталған жаңа идеялармен бөлісуге мүмкіндік берді.
Кітап оқитын ұрпақ - елдің ертеңі, рухани бай қоғам - жарқын болашақтың кепілі!






