Әлихан Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектебінде Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі Қостанай облысы бойынша өткізіліп жатқан «ОҚЫ ЖӘНЕ ЖЕҢ» онлайн байқауының 4-турына байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында оқушыларға байқау талаптары мен қатысу жолдары түсіндіріліп, кітап оқудың маңыздылығы менпайдасы туралы айтылды. Бұл бастама жас ұрпақтың оқу мәдениетін дамытуға бағытталған.







