Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесінде 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап күніне арналған «Кітап –Мәңгілік ел қазынасы» тақырыбында кітап апталығы өтілді.

Апталығының ашылу салтанаты өтті. Салтанатты лездемеде апталықтың жоспары, апталық шеңберіндегі іс-шаралар таныстырылып, көрмелер өз жұмысын бастады. Кітапхана залында «Ел рухын  көтерген Астанаға -20 жыл», «Туған өлкенің тарихы» жылжымалы тақырыптық көрмелері мен«Кел, балалар оқылық!» кітап көрмесі, «Бір ел –бір кітап» акция тарихы бойынша  құрылған жарнама  көрмесі құрылып апта бойы оқырмандарға шолулар жасалды.

«Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша «Жыл таңдауы» тақырыбында электрондық слайд презентация арқылы биылғы жылғы тандауға түскен  Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармаларына, Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» және Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітаптарына тоқталып өтті. «Бір ел –бір кітап» акциясы бойынша  құрылған жарнама  көрмесіне шолу жасалды.

XIX ғасырдың екінші жартысы мен  XX ғасырдың алғашқы ширегінде өмір сүрген ұлтымыздың көрнекті ақыны Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығына арналған «Жол табалық ақылмен» деген тақырыпта поэзия кеші өтті. Шәкәрімді философ, тарихшы, ойшыл ретінде де танытатын «Үш анық», «Мұсылсандық шарты» атты туындылары, әлеуметтік ағартушылық арнадағы «Жолсыз жаза», «Қалқаман — Мамыр», «Ләйлі — Мәжнүн» т.б. жыр жинақтары мен поэмаларынан үзінді оқылып,  АРГПИ  студенттері Ажар Қасымхан, Бекзат Мейрамұлы «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек», «Жастық туралы», «Анадан алғаш туғанымда» сияқты әндері орындады. «Ұлт рухының шырақшысы»  арнау көрмесі құрылып  ақынның  шығармаларына  шолулар жасалды.

Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының шығармашылығына арналған «Өмір жолы – ұрпаққа үлгі» тақырыбында кеш өтілді. Бауыржан Момышұлы – әдеби және әскери өнерде артына қайталанбас ұланғайыр ұлттық рухани мұра қалдырған бірегей қаламгер. Оның қазақ және орыс тілінде жазылған төрт томға жуық шығармалары бүгінде қалың оқырманның игілігіне айналуда. Бауыржан Момышұлының "Ұшқан ұя",  "Наша семья", "Москва үшін шайқас",  "За нами Москва"  шығармалары жазушының ең танымал туындылары. Бұл шығармалардың бәрі де алғаш басылым көрген кезінде Бауыржан Момышұлының қазақ әдебиетінде алатын орны айрықша екендігің  оқырман қауымға осы іс - шара барысында тоқталып өттік.  Сонымен қатар Б. Момышұлы туралы бейне фильмдер көрсетіліп, отансүйгіштік, ерлік, батырлық тақырыптарында жазылған мақал – мәтелдеріне тоқталдық. Бұл іс - шараға Родина негізгі орта  мектебінің  оқушылары Сахаба Жандос, Дәулетбек Айым, Шалқар Ару, Балташ Ақнұр, Балтабек Арузан  белсене ат салысты. «Мәңгі тірі Момышұлы» атты фото көрме құрылды.

1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі қарсаңында «Бірлігі жарасқан, берекелі ел» атты библио - глобус кеші өтті. Қазақстан түрлі ұлттардың басын қосқан ұлы мекен. Әрбір халықтың бай мәдениеті бар. Кеш барысында қазақ, өзбек,орыс, түрік, қырғыз, азербайжан, неміс  ұлттарының өкілдері өз кезектерімен өз тілдерінде сәлемдесуден бастап, ұлттық би билеп, ән айтып, өлең оқып, салт – дәстүрлерден көрністер көрсеттіп мәдениеттерін дәріптеді. Кешімізге Родина ауылының тұрғындары  мен мектеп оқушылары: Әбутай Айшагүл, Орынбаева Нұрсұлу, Шөптібай Аружан, Қуандық Аружан, Қажымұратова Сағила  белсене ат салысты. «Мой народ – моя гордость» тақырыбында әдебиеттер презентациясы өткізілді.