3 қазан күні Ә.Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектебінің ұлағатты ұстаздарын төл мерекелері – Ұстаздар мейрамымен құттықтап барып қайттық. Жылы жүзді ұстаздарымызбен кездесу барысында оларға жүрекжарды тілектерімізді арнап, гүл шоқтары мен шағын кітапхана атынан «Құттықтау» қағазы табыстады. Ұстаздың қуанышты жүзі, мейірімге толы сөздері көңілімізге ерекше әсер қалдырды. Бұл кездесу – ұстаз еңбегінің қаншалықты қымбат екенін тағы бір мәрте сездірді. Өнегелі жол көрсетіп, әр шәкірттің жүрегіне білім шуағын себетін мұғалімдерге құрмет көрсету – біздің парызымыз






