«Отбасы - бақыт мекені»
Халықаралық отбасы күніне орай Арқалық қаласының орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында танымдық викторина өткізілді. Шараға «Арқалық қаласы білім бөлімінің Әлихан Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің 7 «Б» сынып оқушылары қатысты. Мақсаты - оқушыларға отбасы құндылықтарының маңызын түсіндіру, ұлттық тәрбие мен салт-дәстүрді насихаттау. Шара барысында қатысушылар отбасыға қатысты салт-дәстүрлер мен тәрбиелік мәні зор сұрақтарға жауап беріп, қызықты тапсырмалар орындады. Оқушылар белсенділік танытып, ұйымшылдықтары мен тапқырлықтарын көрсете білді. Викторина мазмұнды әрі әсерлі өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар тақырыпқа сай кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға мазмұнды ақпараттар ұсынылды. Көрме арқылы оқушылар отбасы тәрбиесі мен ұлттық құндылықтар туралы тың мәліметтермен танысып, рухани дүниелерін байытты.







