«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесінде «Парасат жолы» орталығы ашылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетің қалыптастыру мақсатында 2021 жылғы 3 ақпан күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Мәдениет және спорт министрлігінің арасында тиісті меморандумға қол қойылды. Сөйтіп, мұндай орталықтар аға буын мен жастардың диалог орнататын алаңына айналмақ. Атап өтейік, «Парасат жолы» орталығы алғаш рет өткен айда елордадағы ұлттық академиялық кітапханада жұмысын бастаған еді. 2021 жылғы 3 ақпанда барлық облыс, қала, ауданда ашылды. «Адалдық алаңы» жобасы аясында өңірлердегі орталықтандырылған кітапханалар қабырғасында «Парасат жолы» орталығы жұмыс жасай бастады. Ауқымды жобаға ақпараттық-түсіндіру, әлеуметтік-тәрбиелік және кітапхана қызметкерлері, ғалымдар, жазушылар, ақындар, дін өкілдері мен танымал тұлғалар өз үлесін қосуға ниетті. Осы мақсатта өтілген диалог алаңына Родина ауыл әкімі Қожахметов Еркін Арыстанұлы, ардагерлер кеңесінің төрағасы Абилов Байжан Амирұлы, «Нұр Отан» партиясының Арқалық қалалық филиалының бас маманы Рахметов Жандос Ерғазыұлы, Ауыл ақсақалы Айтбай Нұрланұлы, Родина жалпы білім беретін орта мектептің мұғалімдері М. Дауылбай, Ж. Байырова қатысты.
Жалпы, бүгінгі дөңгелек үстелімізде біраз өзекті мәселелер көтеріліп, алдағы уақытта адалдық, парасаттылық, әділеттілік қағидаттарын қалыптастыруға өзінің зор септігін тигізеді, сондай-ақ ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын қоғамда ілгерілетуге бағытталған іс-шаралар өз жалғасын табады деген сенімдеміз.
Дәмет Құсайын
Арқалық қаласы ОКЖ директоры