18 қазан – ұлты мен діни сенімге қарамастан барлығымызды біріктіретін қоғамдағы тұрақтылық пен келісім күні. Сондықтан да бүгінгі мереке бірлік пен қайырымдылық, жақсылық пен гүлдену мерекесі болып табылады. Бұл мерекенің арнайы аталып өтуі елімізде бірлік пен қайырымдылық, жақсылық пен сенімділік, ауызбіршілік пен сыйластық орнату.
Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі 18 қазан Рухани келісім күніне орай Родина жалпы білім беретін мектебінің 3«А» және 6«Б» сынып оқушыларымен «Рухани келісім - татулық бастауы» атты танымдық сағат өткізді.
Іс-шара барысында – оқушылардың назарына кітапхана қорындағы татулық-бірлік, бейбітшілік туралы әдебиеттер ұсынылды. Оқу залының кітапханашысы Жаңагүл Серікқызы оқушыларға Тәуелсіз Қазақстандағы діни сенім бостандығы туралы, Елбасының бейбітшілік пен дінаралық келісім орнату саласындағы саясаты, діни-саяси экстремизм - терроризм (лаңкестік) туралы ақпараттар ұсынды. Оқушыларға сұрақтар қойылып, тақырыпқа сай жауаптар алынды.
Шара соңына қарай Родина жалпы білім беретін мектептің тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Шукирова Мақпал Тойшыбекқызымен оқушылар арасында достық, келісім, татулық тақырыптарында танымдық тақпақтар мен ойындар ойнатылды.