Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

2018 жылдың 25 шілде күні Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы және «Қазақстанның киелі жерлер географиясы» жобасын жүзеге асыру аясында  Екідің ауыл кітапханасында «Рухани жаңғыру аясындағы кітапханалар міндеті» тақырыбына  аймақтық көшпелі  зерделі кеңес өтті.

Аймақтық зерделі кеңестін  мақсаты – Қазақстанның киелі орындарымен танысу, мол тарих пен құнды деректерге бай өлкеміздің  қадір-қасиетін барынша ашып көрсету, кітапхана қорындағы бай мұраны кітап сүйер оқырмандарға насихаттау болды.

Зерделі кеңеске,    Арқалық қаласы әкімдігінің  мәдениет және тілдерді  дамыту бөлімінің  бас маманы Өтегенұлы Олжас,  Мәдениет сарайының директоры Жұмабаева А. С., №2ОӘҒК  кітапхана ісі жөніндегі   директорының орынбасары Жанғалиева Р. Ж.   және  кітапханашылар мен мәдениет сарайының қызметкерлері қатысты.

Зерделі кеңесте, «Кітапхана – рухани жаңғыру ошағы» тақырыбында кітапхана директоры Құсайын Дәмет Есенжолқызы «Рухани жаңғыру» бағдарлама аясында кітапханаларда атқарылып  жұмыстарға тоқталып, библиограф  Садуакасова Сандуғаш Ғазезқызы «Қостанай обылысы Торғай аймағы киелі жерлерінің ақпаратты» библио - жолсілтеменің тұсаукесері жасалды.

Екідің  ауылының кітапханашысы Оспанова Гүлжан Нұртайқызы «Бір кітапта өрілген Екідің тарихы» тақырыбында өткен өлкетану кешінде Құт дарыған қасиетті Екідің өңірі ел мұраты жолында басын бәйгеге тіккен батырлармен бірлік пен тірлікке үндеген  ақын – абыздары, киелі тарихи ескерткіштер, тамаша тума таланттары жайында  тоқтала отырып  Екідің ауылынан  шыққан  ақын –жазушыларының «Туған елге» арнаған өлеңдерін оқып,  мәдениет сарайының әншілері Елугүл мен Берік әннең шашу –шашып,  «Ақбота» би ансамблі  тамаша би өнерін көрсетті.

Жанақала ауыл кітапханашысы Есмағанбетова  Айткүл  Амирқамзақызы «Жайнай бер, кенен өлкем, кемел далам!» кітап көрмесіне шолу жасалып, кітапханалық библиографиялық өнімдерге арналған  «Өлкесі тарих –даласы дастан» тақырыбындағы көрмеде экономика ғылымының докторы Кенжегали Сағадиевтің 80 жылдығына арналған  «Дара тұлға» атты библиографиялық көрсеткіші, жергілікті қаламгер жазушы Жақсылық Жүнісұлының 75 жылдығына «Баспасөз ардагері»,   сазгер Қалибек Деріпсалдиннің 65 жылдығына «Саз саңлағы» деген тақырыптарда жаднамалар шығарылып  зерделі кеңеске қатысушылардың назарына ұсынылды.

Сонымен қатар Екідің ауылыныңкиелі жерлері   Екідің І, Екідің ІІ ескерткіштері, Төлек  Жауке батыр кесенесі, Шомби кесенесі, Маятас кесенесі, Қыз тамы, Қос там, Әбдіғапар ханның кесенесіне саяхат жасаумен аяқтадық.